Астана. 31 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда қыркүйектің үшінші жартысында күн салқындайды деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Тамыз айы қыркүйек айына жылы ауа-райы эстафетасын береді, бірақ еліміздің батыснда және оңтүстік-шығысында ауа-райы жаңбырлы болады. Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып ауа температурасының бірте-бірте төмендеуі күтілуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Так, 4-7 қыркүйек аралығында батыста түнде 12...20 градус жылы, күндіз 20...28 градусқа дейін жылы; 6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстікте және орталықта, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7...15 градус жылы, ал күндіз 17...25 градусқа дейін жылы. 6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте 22...30 градусқа дейін жылы. 8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста 20...28 градусқа дейін жылы.
Одан кейін, синоптиктер атап өткендей, Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды: солтүстік жартысында күндіз 22...30 градусқа дейін жылы; оңтүстік жартысында күндіз 27...35 градусқа дейін жылы;
«Алдын ала болжам бойынша, қарқынды салқын толқыдары айдың үшінші онкүндігінде күтілуде, еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді», - деді синоптиктер.
Солтүстік жартысында түнде 3 аяз... 5 жылы, күндіз 7...15 жылы, оңтүстік жартысында түнде 2...10 жылы, күндіз 17-22 жылы.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45