Қазақстан 2015 жылға нақты жоспармен қадам басады - Назарбаев

Күні: 00:05, 01-01-2015.

Астана. 1 қаңтар. ҚазТАГ - Қазақстан 2015 жылға нақты жоспармен қадам басады, деп санайды мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

«Жаңа жыл – баршаға жан шуағын сыйлайтын жайдары мереке. Жыл сайын біз оны үкілі үмітпен, игі тілекпен қарсы алып, толайым табыспен шығарып саламыз. Әлемдік экономикадағы бүгінгі қиындыққа қарамастан биыл да әл-ауқатымыз арта түсті.

Өтіп бара жатқан жыл дамудың келесі кезеңіне бастайтын  оқиғалармен айшықталды. Біз алдағы жылы күш-қуатымызды еселейтін ауқымды нарықтың есігін ашамыз. Бағдарымыз – белгілі, таңдауымыз – айқын, мақсатымыз – биік. Баршаға шұғыла шашатын «Нұрлы жол» бүкіл еліміздің күретамырына айналды.

Еліміздегі әр шаңырақтың дәулеті мен сәулеті артып, татулығымыз нығая берсін! .

«Құрметті қазақстандықтар!

Санаулы минуттардан кейін біз жаңа жылды қарсы аламыз!

Келер жыл – терең тарихымызға, құқықтық негізімізге, берекелі бірлігімізге құрмет көрсететін жыл. Ынтымағы жарасқан халқымыз осы айтулы оқиғаларды лайықты атап өтеді деп сенемін. Қазақ халқы қой түлігін ежелден құт-берекенің басы деп білген. Ендеше, алдағы Қой жылы молшылық пен ырысын ала келсін!» - деді Н. Назарбаев қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап.


Жаңалықтармен бөлісу: