Астана. 17 наурыз. ҚазТАГ - Асхат Ахметбеков. Қазақстан 2015 жылы 30-40 мың тона ет экспорттамақшы, деп мәлім етті ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.
«Біз биыл өзіміздің жасаған жағдайымыз 30-40 мың тонна ет өндіруге жетеді деп жоспарлап отырмыз. Келешекте біз 60 мың тонна және одан да көтермекшіміз. Бізде ол үшін барлық мүмкіндктер бар, ең алдымен жайылым, сосын осы мақсатқа деп алынған мал басы бар», - деді А. Мамытбеков сейсенбі күні ҚР-да ірі-қара мал етінің экспорттық әлеуетін 2011-2020 жылдары арттыру бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел отырысында.
«Біз былтыр тұңғыш рет экспортқа 7 мың тонна сиыр етін, 12 мың тонна ет және ет өнімдерін жібердік. Бүгінгі теңге мен рубль арасындағы айырмашылық біздің жоспарларымызға түзету енгізіп тұрғанын түсінеміз», - деді ол.
ҚР АШМ баспасөз қызметі таратқан материалдар бойынша, 2014 жыл қорытындысы бойынша 12 мың тонна ет пен ет өнімдері экспортталған, оның ішінде 6 мың тонна сиыр еті, 4,7 мың тонна құс еті, 1,1 мың тонна шошқа еті, 40,7 мың тонна қой еті мен 6,5 мың тонна жылқы еті бар.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46