Қазақстанға қажылыққа 3 мың квота бөлінді
Астана. 21 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанға қажылыққа 3 мың квота бөлінді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының (ҚМДБ) баспасөз қызметінен.
«Биыл Қазақстанға қажылыққа 3 мың квота бөлінді. Біздің елімізде жыл сайын қажылық жасауға қызмет көрсету жетілдіріліп және сапасын артып келеді», - деп бейсенбі күні айтқан ҚМДБ төраға орынбасары мүфтий Серікбай қажының сөздерін баспасөз қызметі келтіреді.
Ол сондай-ақ биыл қазақстандық қажылық етушілерді Fly Nas авиакомпаниясы тасымалдайды деді.
«Қажылық етушілер тікелей Астана, Алматы, Шымкент әуежайларынан ұша алады», - деді ол.