Қазақстан АҚШ-та қысқы Универсиада-2023 жарысында 11-ші орынға тұрақтады

Астана. 23 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан құрамасы АҚШ-та XXXI қысқы Универсиада-2023 жарысында 11-ші орынға тұрақтады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандықтар 11 медаль қанжығалады, оның ішінде үшеуі «алтын». «Күміс» пен «қола» төртеуден.
Америкадағы Лейк-Плэсиде өткен басты қысқы жастар жарысында 48 медальмен (оның 21-«алтын») Жапония жеңімпаз болды, екінші орында Оңтүстік Корея (29 медаль, оның 12-сі – «алтын»), үшінші орында – Канада (алты медаль, барлығы да «алтын»).
Турнир 12-22 қаңтар аралығында өтті, бұл ретте Лейк-Плэсид өз тарихында қысқы Универсиаданы екінші рет қабылдап отыр, алдыңғы ойындар бұл қалада 1972 жылы өткен екен.

adimage