Қазақстан алкоголь ішу жағынан еуропалық 50 елдің ішінде 34-ші орын алды

Күні: 15:01, 15-07-2016.

Алматы. 15 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан алкоголь ішу жағынан еуропалық 50 елдің ішінде 34-ші орын алды, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан (ДСҰ).  
ДСҰ зертетулерінің мәліметтерінше, жасы 15-тен асқан қазақстандықтардың алкоголь ішуі орташа алғанда жылына 8,2 литрді құрайды. Америкалық өңірде осы сияқты көрсеткіштер Белиза мен Венесуэлада (8,3 литрден), Африканлық өңірде –  Сьерра Леонда (8,2 литр), Оңтүстік Шығыс Азия елдерінде – Таиландта (8,3), Батыс Тынық мұхит өңірінде –Моңғолияда (7,8) және Вьетнамда (8,7), Шығыс Жерорта теңізі елдерінде осыған ұқсас көрсеткіштер жоқ.
Бұл ретте алкоголь тұтыну бойынша бірінші орында Молдова (17,4 литр), екінші орында - Беларусь (17,1), үшінші – Литва (16,2). Ресей 4-ші орында (14,5 литр), Украина – 13-ші (11,8), Латвия – 24-ші (10,6), Грузия – 39-шы (6,7), Армения – 43-ші (5,5), Түркменстан – 44-ші (5,0), Өзбекстан – 45-ші (4,8), Қырғызстан – 46-шы (3,9), Тәжікстан – 49-шы (2,4) және Әзербайжан – 50-ші (2,1) орында екен.
Америкалық өңірде ең көп ішкіш деп Сент Люсия (10,4) танылыпты, Гренада (10,4) және  Канада (10,3), ал ең аз ішкіштер – Антигуа мен Барбуда (3,2), Сальвадор (3,5) және Гватемала (3,9).
Африкалық елдерден ең көп алкоголь ішетіндер Намибия тұрғындары (11,8), Габона (11,8) және Оңтүстік Африкада (11,5), ең аз ішетіндері –Нигер тұрғындары (0,3), Комор аралдары (0,2) мен Мавритания (0,1) тұрғындары екен.
Оңтүстік Азия елдерінде ең көб ішетіндер - Тайландта (8,3), Үндістанда (4,6) және Шри Ланкада (4,5), ең азы –  Мьянмада (0,7), Индонезияда (0,6) және Бангладеште (0,2).
Батыс Тынық мұхит аймағында алкогольді ең көп ішетіндер Австралия (12,6), Жаңа Зеландия (11,2) мен Оңтүстік Корея (10,9), ең азы –Тувала (1,3), Ванату (1,2) және Брунейде (0,8).
Шығыс Жерорта теңізі елдерінде алкогольды ең аз ішеді екен. Ең көбі - БАӘ (4,3), Бахрейнде (2,4) және Ливанда (2,2), ең азы –Пәкстанда (0,1), Кувейтте (0,1) және Ливияда (0,0).
Сөйтіп, алкогольды ең көп ішетін ел Молдова, ал ең аз ішетін (ішпейтін) ел – Ливия екен.


Жаңалықтармен бөлісу: