Қазақстан арқылы өтетін Жібек жолының жаңа туристік бағыты сәуір айында іске қосылады

Күні: 12:12, 09-03-2017.

Алматы. 9 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан арқылы өтетін Жібек жолының жаңа туристік бағыты сәуір айында іске қосылады, деп хабарлады ҚР ИДМ туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игали.
М.Игали өзінің Facebook парақшасмында хабарлағандай, ол ЮНВТО мұрындығымен өткен Жібек жолы елдерінің туризм министрлерінің кездесуінде Қырғызстанның мәдениет, ақпарат және туризм министрлігінің туризм индустриясы департаментінің директоры Азамат Жаманқұловпен кездесіпті.
«Түркі кеңесінің аясында жаңа Жібек жолы бағытын ашу мәселесін талқыладық», - деп жазды ол бейсенбі күні.
Ол Түркия, Әзербайжан, Қазақстан мен Қырғызстан арқылы өтетін туристік тармақтың пилоттық жобасын іске қосу сәуір айына жоспарланып отырғанын және 12 күн уақыт алатынын атап өтті.
«Ол жолдың қазақстандық бөлігінде туристер Алматыға келіп, Шымбұлақ, Көктөбе мен Көлсайға бара алады. Одан кейін туристер 2017 жылы түркі әлемінің астанасы деп танылған көне Түркістанға барады. Сондай-ақ шетелдік туристер Жамбыл облысына барып, Қазақ хандығының негізін қалаған қасиетті жерге бара алады (Әулие Ата)», - деді М.Игали.


Жаңалықтармен бөлісу: