Астана. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанда әр соғыс ардагері ҚР президентінің атынан атаулы құттықтау мен сый-сияпат жиынтығын алады, деп хабарлайды мемБАҚтар.
«26-30 желтоқсан аралығында бүкіл ел бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлы Отан соғысы ардагерлерін қолдау жөніндегі жалпыұлттық акциясы өтеді. Республикада өмір сүріп жатқан 5115 ардагердің әрқайсысы мемлекет басшысының атынан атаулы құттықтау мен сый-сияпат жиынтығын алады», - делінген жариялымда.
Президенттің тапсырмасы бойынша облыстардың, қалалардың, аудандардың әкімдері соғыс ардагерлеріне жеке бас сұғып, президент атынан келген құттықтаулар мен сыйлықтарды тапсырып шығады.
Еске сала кетейік, 2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын тойлау күтілуде, сондай-ақ ТМД елдерінде Ардагер жылы өтеді.
Одан өзге, мемлекет басшысының тапсырмасымен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығын тойлау бойынша іс-шаралардың арнайы жоспары бекітілген. 2015 жылдың 7 мамырындағы Отан қорғаушылар күнінде мемлекет басшысының қатысуымен мерейтойлық салтанатты әскери шеру өткізу жоспарлануда.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45