Қазақстан армиясы әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 66 орында

Күні: 14:50, 13-05-2015.

Алматы. 13 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан армиясы Global Firepower ұйымы жасаған әлемдік рейтингте 126 елдің ішінде 66 орын алды.
Global Firepower мәліметтерінше, Қазақстанда әскери қызметке жарамды 6 млн 438 мың 168 адам бар. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 58-ші орында. Одан басқа, Қазақстанда 110 мың әскери қызметкер (49-шы орында) және 378 мың резервтегілері (24-ші орын), 300 танкі (48-ші орын), 1 613 БТР (брондалған транспортерлар) (44-ші орын), 285 өзі жүретін артиллериялық қондырғы (22-ші орын), 744 дана сүйретпелі артиллерия (18-ші орын), 393 дүркіндетіп ататын реактивті жүйесі (12-ші орын) бар екен. Одан басқа, Қазақстанда 233 дана авиациялық әскери техника (41-ші орын) мен 15 дана жағалауды күзететін кемелері (87-ші орын) бар.
Бұл ретте Қазақстанның әскери бюджеті $2 млрд 435 млн, рейтингте ол бұл көрсеткіш бойынша елді 59-шы орынға қояды.
Рейтингтегі алғашқы үш орында сәйкесінше, АҚШ, Ресей және Қытай орналасқан. Одан кейін Үндістан, Ұлыбритания, Франция мен Солтүстік Корея келеді. Украина 25-ші орында, Беларусь - 45-ші, Өзбекстан –54-ші, Әзербайжан –63-ші, Армения – 74-ші, Грузия –75-ші, Қырғызстан –78-ші, Тәжікстан –81-ші, Түркменстан –90-шы  орында.
Соңғы үш орында Мали, Мозамбик және Сомали орналасқан.


Жаңалықтармен бөлісу: