Қазақстан Қарулы күштерінде шұғыл әрекет етуге дайын антитеррорлық топ құрылды

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан Қарулы күштерінде террорлық қауіп-қатерге шұғыл әрекет етуге дайын антитеррорлық топ құрылды, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов.
«Қарулы күштерде террорлық қатерге шұғыл әрекет етуге әр кез дайын күштердің құрамы мен жабдықтары анықталды. Ол топты кез келген жерге жеткізуге ұшақтар мен тікұшақтар бар, оның осындай қажет жағдайда қалай әрекет етуі тиіс екендігі пысықталып, ведомствоаралық жаттығулдар өткізілуде», - деді С. Жасұзақов дүйсенбі күні ҚР ҚК қызметіне арналған мәселелер жөніндегі үкімет сағатында.ү
Одан басқа, министрдің атуынша, қорғаныс министрлігі елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетімен жоспарлы жұмыс жасап отыр, антитеррорлық жаттығуларға қатысуда.
«Әскери басшылық органдарының үйлесімділігін және әскерді басқарудағы офицерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін осы жылдары оперативтік және әскери дайындық шаралары сәйкесінше, 2,5 және 5 есеге артты. Қазір біз назарды сапаға бөлудеміз», - деп қадап айтты министр.

adimage