Қазақстан қашықтықтан бақылап отыратын жүйе сатып алуға $1 млн жаратты

Күні: 13:01, 21-07-2015.

Астана. 21 шілде. ҚазТАГ – Privacy International есебі бойынша, американдық Verint Systems және израильдік NICE Systems Орталық Азия мемлекеттеріне өз азаматтарын, оппозицияны және диссиденттерді алыстан бақылап отыруға арналған бағдарламасын сатады, деп жазады The Diplomat.
«Бізде осы мекемелер өздерінің өнімдерін Орта Азия мемлекет үкіметтеріне қалай беретіндігі және қалай ақша алатындығы туралы да мәліметтер бар. Осы айдың басында хакерлер командасы (Hacking Team) бақылайтын бағдарламамен қамтамасыз ететін өндірушілердің ішінде жасалғандарға жүргізілген ауқымды «бұзу» салмағы 400 гигабайт болатын қызық мәліметтер берді, оның ішінде, Wired басылымының мәліметтерінше, «аудиожазба, е-mail және код деректері бар папкалар бар», - деп жазады The Diplomat.
Бұрындары, ақпарат жарияланып кетпей тұрғанда, хакерлер командасы өздерінің бейімділіктеріне қарай, журналистердің «Шекарасыз репортерлер» ұйымының тарапынан интернеттің жауы деп танылған.  
Хакерлер командасы тарапынан орын алып отырған бұзушылықтар туралы қауесет бірнеше жыл таратылды және Citizen Lab белсенді ұйымның тарапынан анықталған ең танымал дерек компания өздерінің алыстан бақылап отыратын жүйесін Өзбекстан мен Қазақстанға сатқаны туралы мәліметтер болып отыр.
The Diplomat мәліметтерінше, Қазақстан оған шамамен $1 млн жаратып, хакерлер командасынан бақылап отыру жүйесін сатып алған. Ал Өзбекстан оған өздерінің азаматтарына мониторингі жасап отыруға $860 мың жаратқан.
Privacy International мәліметтеріне қарасақ, онда бұрындары ортаазиялық режимдермен ынтымақтасқан NICE Systems  өнімдерін хакерлер командасына да сататыны туралы мәліметтер бар.


Жаңалықтармен бөлісу: