Қазақстан бензин бағасы ең арзан 178 елдің рейтингінде 8-ші орын алды

Күні: 12:32, 12-02-2016.

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан бензин бағасы ең арзан 178 елдің рейтингінде 8-ші орын алды, деп хабарлады Global Petrol Prices басылымы.
Рейтингі бойынша, Қазақстанда бензин бағасы 1 л-ге $0,38 тұрады. Бұл ретте оның бағасы қарастырылып отырған кезең аралығында 2015 жылғы 2 қараша мен 2016 жылғы 8 ақпан аралығында өзгермегені айтылады. Ал осы аралықта әлемде бензиннің орташа бағасы 1 л үшін $1,18 болды.
Түркмен рейтингі 4-ші орын алды ($0,29), Ресей – 16-шы ($0,46), Қырғызстан – 18-ші ($0,5), Әзербайжан – 19-шы ($0,51), Беларусь – 23-ші ($0,55), Грузия – 39-шы($0,73), Украина – 32-ші ($0,73), Тәжікстан – 44-ші ($0,74), Молдова – 54-ші ($0,80), Өзбекстан – 70-ші ($0,86).
Қалған посткеңестік елдерде 1 л бензин бағасы $1-дан асады. Армения 105-ші орын алды ($1,04), Эстония – 110-шы ($1,08), Литва – 118-ші ($1,13), Латвия – 121-ші ($1,14).
Рейтингі бонйыша ең арзан бензин Венесуэлада ($0,02), Кувейтте ($0,22) және Сауд Аравиясында ($0,24). Ең қымбаты - Монакода ($1,66), Нидерландта ($1,71) және Гонконгта ($1,79).


Жаңалықтармен бөлісу: