Қазақстан билігі маска тақпағаны үшін айыппұл көлемін төмендетуден бас тартты

Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан билігі маска тақпағаны үшін айыппұл көлемін төмендетуден бас тартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«ӘҚБтК-нің 425-бабында (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) көзделген маска кию режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұл санкциялары өз күшінде, мемлекеттік органдар оның мөлшерін азайтуды талқылап жатқан жоқ», - деп хабарлады сәрсенбіде әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұған дейін – 5 тамызда хабарланғандай, «Ашық НПА» порталында Қазақстанда маска тақпағаны үшін айыппұл көлемін заң жүзінде Т83 340 мыңнан Т1778 дейін төмендету көзделіп жатқаны хабарланды. Әділет министрлігі қолданыстағы айыппұл көлемін «азаматтардың қалтасы көтермейді» деген тоқтамға келді, сонымен ҚР ӘҚбК 425 бабында (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) маска тағу тәртібін бірніші рет бұзғандар - Т1778, ал екінші рет бұзғандар Т3556 айыппұл төлейтін болды.
5 тамызда ұсынылған карантин кезінде маска тағу тәртібін бұзғандар үшін ТМД елдеріндегі санкция кестесінен байқағанымыздай, Қазақстандағы маска тақпағаныңыз үшін салынған айыппұл көлемі Ресейдегі айыппұлдан үш есе көп болып шықты.
19 тамыздағы жағдай бойынша аталмыш тұжырымдама «Ашық НҚА» порталында жоқ, алайда ҚазТАГ агенттігі тұжырымдаманың скриншотын ғана емес, оның құжаттамасымен бірге веб-парақшасын да сақтап алған еді.
Еске салсақ, 30 шілдеде Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысымен қазақстандықтар көшеде маска тағуға міндеттелді. Сол күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көшеде маска тағу барлық жастағы адамдар үшін міндетті, тіпті емшектегі балалар үшін де деп мәлімдеді. Алайда 1 тамызда ол "Санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен жүргізудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 5 шiлдедегi бұйрығына өзгеріс енгізді, нәтижесінде Қазақстанда бес жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат етілді.
3 тамызда белгілі қазақстандық заңгер Роман Подопригора маска тақпағаны үшін жаза көрсетілген ҚР ӘҚбК 425 бабы бойынша ( халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) балалар мен ата-аналардың жауапкершілікте болмайтынын хабарлады.
4 тамызда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медициналық қарсы көрсетілімдері барларға маска тақпауға рұқсет етті.

adimage