Қазақстан бойынша жалақы қарызының көп бөлігі Алматыға тиесілі

Күні: 13:28, 13-06-2017.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан бойынша жалақы қарызының көп бөлігі Алматыға тиесілі, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
«Өңірлер бөлінісінде – жалақы қарызынының жартысынан астамы Алматы қаласына тиесілі. Батыс Қазақстан мен Маңғыстау облыстарында да жалақы қарыздары жоғары», - деді Т. Дүйсенова сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол ағымдағы жалақы қарыздарының көлемі туралы мәлім етті.  
«Жалақы бойынша ағымдағы қарыз 88 млн теңгені құрайды. Мерзімі өтіп кеткен қарыз 1,7 млрд теңге құрайды. Бұл ретте мерзімі өтіп кеткен қарыздың 82%-ы немесе 1,4 млрд теңгесі оңалту кезеңіндегі кәсіпорындарға тиесілі», - деді ведомство басшысы.
«Бұлардың артында 7 мыңнан астам жұмысшы тұр. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерімен бірге сол кәсіпорындармен жеке-жеке жұмыстарды күшейтулері керек», - деді министр.


Жаңалықтармен бөлісу: