Астана. 22 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) 2015 жылғы желтоқсанда толық құқықты мүшесі бола алады, деп хабарлады ҚР экономикалық интеграция министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгін, 2015 жылы 22 маусымда, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің жұмыс тобы ұйымға кіру жөніндегі ақтық құжаттар топтамасын соңғы отырысында мақұлдады. Қажет процедуралардың барлығын орындаған соң Қазақстан биылғы желтоқсан айында әлемдік сауданың 98%-ын реттеп отырған халықаралық ұйымның толық құқықты мүшесі болады», - делінген дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Жұмыс тобының отырысында ДСҰ-ның АҚШ, Еуропалық одақ, РФ, ҚХР, Үндістан, Жапония, Корея Республикасы сынды ірі мүшелері Қазақстанның өз заңнамасын ДСҰ норма талаптарына сай келтіру мақсатында жүргізген реформаларды оң бағалады.
Ондай өзгерістер ҚР ұлттық заңының 50-ден астамына қатысты болды. Оның ішінде валюталық реттеу; баға тағайындау мен бәсекелестікті дамыту; салық саясаты; кедендік реттеу; импортты лицензиялау және санитарлық және ветеринарлық шаралар; зияткерлік меншікті қорғау сынды заңнамаларды қамтыған.
Дүниежүзілік сауда ұйымы – ең алдымен тауарлар мен қызметтердің саудасын реттейтін ережелер жиынтығы. Өздерінің экономикалық және сауда саясатын жүргізгенде аталған ережелерді БҰҰ-ның 193 мүшесінің 161-і қолданады. Тағы 23 мемлекет ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздердің әр деңгейінде тұр», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51