Қазақстан ДСҰ-ға кіру шарттары туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады

Күні: 10:03, 11-06-2015.

Алматы. 11 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан Дүиежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіру шарттары туралы 20 жылға созылған келіссөздерді аяқтады, деп хабарлады ДСҰ баспасөз қызметінен.
Ұйым сайтында хабарланғандай, жұмыс тобының мүшелері 10 маусымдағы отырыста келіссөздер үдерісінің аяқталуын қуана қарсы алды. Ол ДСҰ-ның 20 жылдық тарихында «аса үлкен сын-қатерлердің бірі болды». Ұйымның бас дирекоры Роберту Азеведу ДСҰ ұйымының мүше-мемлекеттері мен Қазақстан үкіметін «осы тарихи қадаммен құттықтады».
«Мен Қазақстан мен ДСҰ-ны құттықтау сәтін күтіп отырмын», - деді ол.
ДСҰ баспасөз қызметі атап кеткендей, Қазақстанның ұйымға кіру үдерісінің «күрделілігі мен ерекшелігі» оның Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігімен байланысты тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу қажеттігінен туындады.
Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, 22 маусымда ұйымға кіру туралы құжаттар топтамасы формальды түрде мақұлдау үшін жұмыс тобына беріліп, одан соң ұйымның бас кеңесі мен ДСҰ-ның 161-ші мүшесіне бекітуге беріледі.
Еске салсақ, Қазақстан ДСҰ-ға кіру туралы өтінішті 1996 жылы 29 қаңтарда берді.
ДСҰ – әлемдік сауда саласында қадағалау функциясын атқаратын жалғыз халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаты – сауданы одан ары либералдандыру және бәсекелестіктің әділ шарттарын қамтамасыз ету. ДСҰ 1947 жылдан бері жұмыс атқарған тариф және сауда жөніндегі бас келісімнің мұрагері болып табылады.  


Жаңалықтармен бөлісу: