Қазақстан эксремистер мен лаңкестерді жою үшін ең қатал шараларды қолданады - Назарбаев

Күні: 18:29, 08-06-2016.

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбедегі терактіге байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«(…) Мемлекеттік саясат пен біздің заңдарымыздың ымырашылдығын пайдаланып, кейбіреулер мемлекеттік биліктің беріктігін сынап көргісі келді. Мен әркез экстремистер мен лаңкестерді жою үшін ең қатал шаралар қабылдайтынымызды  мәлім етемін. Ол үшін мемлекетте барлық мүмкіндік пен күш жеткілікті», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтында жарияланған Н.Назарбаевтың мәлімдемесінде.  
«Ел ішіне бүлік салудың, «түсті революциялардың» талайын басқа елдерден көріп, біліп отырмыз. Ол лаңкестік әрекеттерден, көшеге шығып шулаудан басталады. Одан конституцияға қарсы шығады да, аяғында мемлекет күйреп, халық аш-жалаңаш қалады. Мұның бәрін біз көріп, біліп, байқап отырмыз», - деді президент.
Оның айтуынша, экстремизм мен терроризм «біздің елдің қауіпсіздігіне  ғана емес, жалпы бүкіл әлемге қауіп төндіріп тұр».  
«Қазақстандықтар елдің барлық өңірінде құқыққорғаушы органдар қабылдап жатқан антитеррорлық шараларға түсіністікпен және жауапкершілікпен қарады», - деп атап өтті Н.Назарбаев.
Бұл ретте ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды.  
«Бүгінде азаматтарымызға алаңдауға еш себеп жоқ. Оған қоса, барлық ақзақстандықты сақ болуға, құқыққа қарсы әрекеттерден аулақ болуға, құқыққорғаушы органдарға көмектесуге шақырамын.   Қазір – нағыз елім, жерім деген отансүйгіштікті көрсететін уақыт. Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін бәріне де дайын екенімізді көрсететін кез келді. Мен Қазақстан халқы дүниедегі дағдарыс және бүгінгідей жауапты шақта тағы да барша әлемге елдігі мен бірлігін паш етеріне сенемін! Мемлекет қоғам  мен елдігімздің қаьырғасын қисайтқысы келгендермен күрес бойынша қосымша шараларды қолға алады. Біз оларды арнайы қарап, қорытынды шығарамыз», - деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтармен бөлісу: