Қазақстан ЕурАзЭҚ қызметін тоқтату туралы келісімді ратификациялады

Күні: 18:50, 24-12-2014.

Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастық қызметін тоқтату туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың қызметін тоқтату туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды», делінген Ақорда сайтындағы сәрсенбілік хабарда.
Осыған дейін Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов хабарлағандай, «Еуразиялық экономикалық қауымдастық іске қосылуымен өзінің тарихи миссиясын орындады».
«Оның аясында Кедендік одақ, Бірыңғай экономикалық кеңістік құрылды, Еуразиялық экономикалық одақтың іске қосылуы күтіліп отыр. Екіншіден, бір кеңістікте бірін-бірі қайталайтын екі қатарлас ұйымның қызмет етуі дұрыс емес», - деді ол ҚР парламент мәжілісінің алқа отырысында заң жобасын таныстырып жатып.
Оның айтуынша, келісім ЕурАзЭҚ органдарының, ұйымдастыру комитеті хатшылығының, сондай-ақ парламентаралық ассамблея мен ЕурАЗЭҚ сотының 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап әрекетін тоқтатуды қарастырады.
«Келісімге ЕурАзЭҚ аясында қабылданған халықаралық келісімдер тізімі қосымша етіп беріледі, ол қауымдастықтың жойылғанынан кейін өз әрекетін тоқтатады немесе сақтайды. Барлығы 150 келісім болған, солардың 60-ы әрекетін тоқтатады, ал сақтайды – 90 келісім. Келісімнің депозитарийі деп Ресей сыртқы істер министрлігі анықталған», - деді ол.
Министр заңжобаның қабылдануы қосымша қаржылай шығындарға ұшыратпайтынын атап өтті.


Жаңалықтармен бөлісу: