Қазақстан ішкі және сыртқы саясатын өзгертпейді - Назарбаев

Күні: 15:32, 27-04-2015.

Астана. 27 сәуір. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстан 26 сәуірде өткен кезектен тыс президент сайлауынан кейін ішкі және сыртқы саясатын өзгертпейді, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.  

«Ең қорқыныштысы – мемлекетте қандай да бір жаңа бетбұрыстарды жасау. Менің ойымша, осы күнге дейін мемлекетте жасалған саяси реформаларды жүзеге асыру бойынша әзірленген іс шаралар жоспары, кешегі өткен сайлау халықтың осыған дейін болған бағытты қолдайтынын білдіреді. Сондықтан бізде ішкі саясатты да, сыртқы саясатты да өзгертуге қажеттілік жоқ», - деді Н.Назарбаев дүйсенбіде Ақордада өткен баспасөз мәслихатында.  

«Дегенмен ішкі саясатты бес институционалдық реформа аясында өзгертеміз – бұл өте күрделі өзгерістер болмақ. Ол реформаны мемлекеттік шығын да, жаңа кадрлар дайындауға өзгеріс енгізу де, іріктеу, барлығын аттестаттау да қажет етеді, яғни халық мемқызметке өз еңбектерімен өтіп жатқанын ашық көру үшін, міне бұл - меритократия. Еңбегіне сай және барлық сатыдан өту арқылы. Таныстық, достық ұстанымы бойынша емес», - деді ол.

Оның айтуынша, үкімет автономды болады және саяси конъюнктураға ұшырамайды.

«Мемлекеттік қызмет тұрақты болуы керек. Мұнда өзгерістер болады, қалғаны осылай қала береді. Себебі халықтың қолдап отырғаны да осы», - деді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: