Қазақстан ІЖӨ өсімі қаңтар-ақпанда 3,5% құрады - премьер

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан ІЖӨ өсімі 2019 жылдың қаңтар-ақпанында 3,5% құрады, деп мәлім етті премьер-министр Аскар Мамин.
«Жалпы ІЖӨ өсімі екі айда 3,5% құрап, тау кен өндірісі, көлік құрастыру, химия өнеркәсібінде оң өсім динамикасы байқалуда. Жалпы оң динамика байқалуда», - деді Мамин сейсенбі күні үкімет отырысында.
Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов ІЖӨ динамикасы «жылдамдатты», инфляция дәліз шегінде сақталуда, инвестиция өсімі жаңартылды, ал халықаралық резерв тұрақты екенін жеткізді.
«Мәселен, ІЖӨ өсімі 3,5% дейін жеделдетілді. Қаңтарда ол 2,9% құрады. Мұндай динамика тауар өндірісінің өсімімен, сондай-ақ қызмет саласы өсімімен қамтамасыз етілді», - деді министр.
Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде тұр – жыл басынан бері ол 0,8% құрады, ал жылдық мәнде – 4,8%.
«Инвестиция динамикасында өзгеріс пайда болды. Егер алдыңғы айда төмендеу болса, онда есепті кезеңде оның өсімі 4,2% құрады. Өсім көліктер мен құрал-жабдықтарды сатып алумен, сондай-ақ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырындағы компрессорлық станция құрылысымен байланысты», - деді Даленов.
Оның айтуынша, осы жылдың 1 ақпанында елдің халықаралық резервтері $88,8 млрд құраған, соның ішінде алтын валюталы резервтері – $30,6 млрд, Ұлттық қор активтері – $58,2 млрд.
Қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,7% болды. Қаңтарда 1,9%, құрады, деп атап өтті министр.

adimage