Астана. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан KazSat-3 байланыс жерсерігі қызметтерін коммерциялық жүзеге асыруға кірісті, деп көрсетілген Қазғарыш баспасөз қызметінің хабарында.
Құжатқа сәйкес, «2015 жылдың 23 қаңтарында ҚР инвестициялар және даму министрлігінің әуеғарыш комитетінің бұйрығымен құрылған қабылдау комиссиясы Е.М. Шаймағамбетовтың – әуеғарыш комитеті төрағасының басшылығымен, делегация құрамында ҚР өкілетті органдарының өкілдерінің қатысуымен, «Ақкөл қаласындағы ғарыш аппараттарын (ҒА) басқарудың жердегі кешеніне барды».
Қабылдау комиссиясының мүшелері кешеннің жұмысын паш етті, сондай-ақ «Республикалық ғарыш байланыс орталығы» АҚ және «Академик М.Ф. Решетнев атындағы «Ақпараттық жерсеріктік жүйелер» ААҚ өкілдерінің KazSat-3 байланыс ғарыш жүйесінің жобасын жүзеге асыру мен ұшыру сынақтарының нәтижелері туралы баяндамалары тыңдалды.
«Қабылдау комиссиясы жұмысының нәтижесі аяқталған KazSat-3 байланыс ғарыш жүйесін құру жобасы бойынша нәтижелер қабылдау туралы актіге қол қою болды», - деп атап көрсетілген ақпараттық парақшада.
KazSat-3 ҒА штаттық режімде қызмет етуде және KazSat-3 жерсерігінің қызметін алғашқылардың бірі болып қолданған қазақстандық байланыс операторлары болды «Astel» АҚ және «2DayTelecom» ЖШС.
Осылайша, «Республикалық ғарыш байланыс орталығы» АҚ KazSat-3 ҒА жерсеріктік ресурсы қызметтерін коммерциялық жүзеге асыруға мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес кірісті.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29