Астана. 5 маусым. ҚазТАГ – Байтас Құрманов. Қазақстан халқының саны 18 млн адамға жетті, деп мәлім етті ҚР ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов.
«Сандар көз қуантарлықтай. Біз 18 млн жеттік. Өңірлер бойынша біздер көптен сандарды жария етпедік. Жалпы санақ 10 жылда бір рет жүргізіледі, алайда ақпарат жедел дерек бойынша, тұрақты түрде жиналады», - деді Р. Даленов дүйсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Қазір біз онлайн-есептегішті іске қосқалы жатырмыз. Ол нені білдіреді? Яғни бірнеше секунд сайын әр азамат қанша адам тұрып жатқанын көріп отырады. Қанша адамның туылғанын, қаншасының келгенін, қаншасының кеткенін және т.б. есептеу арқылы нақты сандарды шығарамыз. Біз осындай ақпаратты орналастырамыз. Келесі айда іске қосамыз», - деді ол.
ҚР ҰЭМ статистика комитетінің ақпарынша, 2017 жылдың 1 сәуірде Қазақстан халқының саны 17 млн 975,8 мың адамды құраған еді.
Адамның туылуы, өлімі, көші-қон және Қазақстанның жекелеген өңірлеріндегі толыққанды мәліметтер 2016 жылдың мамырынан бастап жарияланбайды.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашынсыз ауа райы күтіледі
10 Қыркүйек 2024, 08:53 -
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45