Қазақстан үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы атқарылатын жұмыстарының жоспарын бекітті

Күні: 14:49, 08-12-2015.

Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ - Оксана Скибан. Қазақстан үкіметі 2016-2018 жылдарға арналған антидағдарыс жұмыстарының жоспарын бекітті, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Бірінші бағыт – қаржылық секторды тұрақтандыру. Орта мерзімдік келешекте Ұлттық банк пен үкіметтің негізгі міндеті 2016-2017 жылдары инфляцияны 6-8%-ға дейін, 2018 жылы 5-7%,  2019 жылы  4-6%,  2020 жылға 3-4%-ға дейін төмендету», - деді Е. Досаев сейсенбі күні үкімет отырысында үкімет пен Ұлттық банктің 2016-2018 жылдарға арналған  экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша дағдарысқа қарсы әрекет жоспарын және  жалпыұлттық шаралар жоспарының жобасын (ЖҰШЖ) жариялап тұрып.
Бұл ретте ол сәуір айында базалық икемді пайыздық мөлшерлеме тетігі енгізіліп, ол баға тұрақтылығы мен инфляция деңгейін төмендетуге бағытталатын болады деп атап өтті. Оның пікірінше, ол ақшалай-кредиттік операциялардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік беріп және ақша нарығының мөлшерлемесіне ықпалын күшейтеді.
«Одан басқа, қаржылық сектордың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банк секторының субъектілерінің барлығына жұмыс істемей тұрған кредиттерге стресс-тестілеу нәтижелері бойынша 2016 жылғы қыркүйекке дейін оларды мойындау және есептен алып тастау шаралары қабылданады», - деді ведомство басшысы.
Сондай-ақ, ондағы мәліметтер бойынша, зейнетақылық жинақ кірістілігін арттыру мақсатында 2016 жылдың наурызына дейін зейнетақылық активтерді инвестициялау мәселесі қайта қаралады және 2016 жылғы шілдеге дейін зейнетақылық қорлардағы активтерді қазақстандық, не шетелдік жеке компанияларға басқаруға тапсыру тетіктері дайындалады.
«2016 жылы Ұлттық банк бақылауынан БЖЗҚ, Проблемалық кредиттер қоры мен басқа да қаржылық институттар шығарылып тасталады.
Экономиканы долларсыздандыру мақсатында Ұлттық банк пен үкімет бірлесіп экономиканы долларсыздандыру және теңгелік тетіктердің тартымдылығын арттыру бойынша кешенді шаралар қабылдайды, оның ішінде корпоративтік құнды қағаздар нарығын дамыту және биржалық саудаларды теңгедегі қаржылық тетіктермен ынталандыру, ел аумағында сатылатын тауарлар мен қызметке жарнамалық бағасын көрсеткенде тек ұлттық валютада көрсету талабын енгізу бар», - деді Е. Досаев.  
Сонымен қатар ол дағдарысқа қарсы жоспардың басқа да бағыттары туралы айтып берді. Оның бюджет саясатын оңтайландыруға, жекешелендіру мен экономикалық бәсекелестікті ынталандыруға, жаңа инвесттициялық саясаттың негізі, МҮИИДБ жобаларын іске асыру, ШОБ-ты қолдауға, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және жұмыспен қамтамасыз етуге қатысы бар.  
«Жұмыпен қамтамасыз етуді қолдау мақсатында 2016 жылы жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесудің өңірлік кешенді жоспарларын іске асыру, жұмыстан босаған жұмысшылардың жаңадан ашылып жатқан жұмыс орындарының жиынтық картасы жасалып, кадрларға деген қажеттілікті анықтау жалғасады. 2016 жылғы наурызда, егер елде әлеуметтік-экономикалық жағдай нашарлайтын болса, тұрмысы төмен отбасыларына қосымша мақсаттық көмек көрсету бойынша ұсыныстар енгізілетін болады», - деді министр.
Е. Досаевтың айтуынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларына бағаның тым қымбаттап кетуіне жол бермеу үшін 2016-2017 жылдары оларға бөлшек саудадағы шекті баға бекітіліп, ол 2018 жылы 1 қаңтарда алынып тасталынады.
Қорыта келе ведомство басшысы дағдарысқа қарсы жоспар екі бөлімнен тұрады деді. Олар елбасымен 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан халқына жолдауында айқындалған негізгі 5 бағыт аясында жаңа құрылымдық экономиканы қалыптастыру, сондай-ақ экономиканың өсуін ынталандлыру мен кредиттеуді өсіру бойынша жедел шаралар қабылдау.
«Мен бүгін елбасының тапсырмасын орындау бойынша шаралар жоспары мен антидағдарыстық жоспарларға қатысты барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқыладық қой деп ойлаймын. Түптеп келгенде бұл біздің алдымызда тұрған қатерлерге жауап беретін бір құжат. Дауысқа саламын. Қабылданды», - деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.


Жаңалықтармен бөлісу: