Қазақстан үкіметі адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын бекітті

Күні: 11:14, 15-06-2021.

Астана. 15 маусым. ҚазТАГ-адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын Қазақстан Үкіметі бекітті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«1. Адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралардың қоса беріліп отырған жоспары бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты басқа да ұйымдар: 1) жоспарды іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын; 2) жартыжылдық негізде 1 шілдеге және 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.; 3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жартыжылдық негізде 15 шілдеге және 5 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін", - делінген Үкімет қаулысында.
Қазақстан Республикасы премьер-Министрінің Кеңсесіне жыл сайын 25 қаңтардан кешіктірмей Президент Әкімшілігіне жоспарды іске асыру қорытындылары туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз ету тапсырылды.
Құжат қолданысқа енді.


Жаңалықтармен бөлісу: