Қазақстан командасы көкпардан әлем чемпионы атанды

Күні: 15:58, 28-08-2017.

Астана. 28 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстан командасы көкпардан әлем чемпионатының финалында Қырғызстан командасымен жарысқа түсіп жеңімпаз атанды, деп хабарлады ҚР мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Хабарда айтылғандай, қазақстандықтар бірінші таймнан жеңіске жетіп, есеп 3:1 көрсетті. Екінші таймда қырғыздар бір ұпай жинағаны сол екен, этноауылдағы «Қазанат» атшабарына жиналған қалың көрермен көкпаршыларға белсенді қолдау көрсетіп қазақстандық құрама чемпион атанды. Қола медаль тағдыры Қытай мен Тәжікстан командалары арасындағы жекпе-жекте шешіліп, Тәжікстан 2:1 есебімен жеңіске жетті. Соңғы кездесулерден кейін марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы құттықтау сөзінде:«Қазақстан ұлттық құрамасын әлем чемпионаттарында көрсеткен сенімді және әдемі жеңісімен құттықтаймын. Сондай-ақ, I әлем чемпионатына қатысқан барлық командаларға алғыс айтамын, сіздер жоғары дәрежелі ойын көрсеттіңіздер».
Әлем чемпиондарыменқатар күміс және қола жүлдегерлері де қомақтымөлшерде ақшалай сыйақыға ие болды. Қазақстанның ұлттық құрама командасына кубок пен қоса 10 млн. теңгеге чек берілді, ал Қырғызстандықкөкпаршылар 5 млн. теңге, Тәжікстан командасы 3 млн. теңге иеленді.
Естелік дипломдар мен бағалы жүлделер АҚШ-тық көкпаршыларына да табыс етілді. Әлем чемпионатына 11 елден барлығы 200-ден астам спортшы қатысты.
Әлем кубогы Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалған мәдени-ойын-сауықіс-шараларының кешенді бағдарламасының аясында өткізілді. «Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрлері ассоциациясы» мен «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларын дамыту қоры аталмыш шараға әріптестік танытты.


Жаңалықтармен бөлісу: