Астана. 18 сәуір. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстан латыншаға көшу барысында Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесін сараптамадан өткізеді, деп хабарлады ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Өзбекстанның, Әзірбайжанның тәжірибесін (латын әліпбиіне көшу барысындағы – ҚазТАГ) түсіну керек, ол жаққа делегация жіберген жөн. Ненің қалай өткенін, қандай қателіктер жіберілгенін түсіну үшін сапалы зерттеу жүргізу жеткілікті», - деді Е. Сағадиев сейсенбідегі үкімет отырысынан кейінгі әңгімеде.
Оның айтуынша, бірінші кезекте сараптамалық жұмыс жүргізіліп, кейін ол мемлекеттік органдардың, депутаттардың талқылауына жіберілу керек және т.т.
«Осыдан кейін жеке-жеке тоқталуға болады», - деп толықтырды ол.
Латын әліпбиін енгізу мерзімі туралы ведомство басшысы атап өткендей, бұл ақпарат ағымдағы жылдың соңына қарай белгілі болады.
«Бұл өте ұзақ процесс, барлығына үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Президенттің өзі осылай деді. Ағымдағы жылы ғалымдармен, мамандармен талқылайтын боламыз. Жыл соңына қарай өз шешімімізді ұсынамыз. Тек содан кейін мектептерде дайындық жұмыстары басталады және нақты кесте түзіледі», - деп түсіндірді Е. Сағадиев.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51