Астана. 3 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Ұлттық банкінің бұрынғы төрағасы Ғалымжан Пірматов қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді, деп хабарлады дерек көзі.
«Пірматов қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді және қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ҚазТАГ редакциясына жағдаймен таныс дерек көзі.
ҚазТАГ Ғалымжан Олжайұлына телефон шалуға тырысты, алайда ол қоңырауға жауап бермеді. Сонымен қатар редакция WhatsApp мессенджері арқылы жағдайға қатысты түсінік беруін сұрап дауыстық хабарлама да жіберді. Осы материал дайындалып жатқанда Ұлттық банк экс-басшысынан ешқандай жауап келмеді. Пірматовтан жауап болған жағдайда редакция оны жариялауға дайын.
ҚазТАГ Ұлттық банк экс-басшысына қатысты жағдай бойынша түсінік берулерін сұрап бас прокуратураға да хабарласты.
Редакция барлық мүдделі тараптарға осы мәселеге қатысты қандай да бір ақпарат беруді ұсынады.
Пірматов Ұлттық банкті 2022 жылдың ақпанынан бастап 2023 жылдың қыркүйегіне дейін басқарды, оған дейін 2017 жылдың тамызынан 2021 жылдың қыркүйегіне дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАҚ» АҚ басқармасының төрағасы болды, оның алдында – 2015 жылдың желтоқсанынан бастап Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Шарын шатқалында аспалы көпір құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалмақ
12 Қараша 2024, 15:51 -
Астананың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатына Т2,1 млрд сұрауда
12 Қараша 2024, 15:16