Астана. 21 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан мектептерінде сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі уақытта беріледі, деп хабарлады білім жәе ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ата-аналар балаларды мектепке алып келіп, үйіне өзі алып кетуі керек. Кезекші сыныптарда сабақтың ұзақтығы 40 минутты құрайтын болады. Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі уақытта беріледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
БҒМ мәлімдегендей, әрбір екінші сабақтан кейін кабинеттерде және әр үзілістен кейін, ауысымдар арасында, дәліздерде, холлдарда ылғалды тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.
«Мектеп асханасы мен буфеттің қызметі уақытша тоқтатылды.
Білім беру ұйымдары зарарсыздандыруға арналған құралдармен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшелермен, санитайзерлармен қамтамасыз етіледі. Мектеп формасына қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ тиісті бұйрыққа уақытша өзгерістер енгізіледі. Яғни ата-аналар жаңа оқу жылында (1 қыркүйектен бастап 25 мамырға дейін) баласын мектепке мектеп формасымен немесе басқа ыңғайлы киіммен жіберуге қатысты шешімді өзі қабылдайды», - деді ведомстводан.
Министрлікте еске салғандай, кезекші сыныпта созылмалы аурулары жоқ балалар ғана білім ала алады (өтініште көрсетіледі).
«Бұл ретте білім алушылар мен педагогтердің дене қызуы күн сайын өлшенетін болады. Бір сыныпта оқушы саны 15-тен аспайтын болады. Өтініштерді сынып жетекшілері қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдайды. «Кезекші сыныпқа» қабылдау 25 тамызда басталады», - деді БҒМ.
Қатысты сілтемелер
-
Интернет-қылмыстардың көпшілігі шетелден отырып жасалады- Бектенов
11 Қыркүйек 2024, 17:41 -
Қазақстан Мароккомен визасыз режим туралы келісім жобасын мақұлдады
11 Қыркүйек 2024, 17:26 -
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17