Астана. 27 тамыз. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Астанада ҚР үкіметі мен атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасында Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран (ТБУ) банкін құру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстан атынан келісімге ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан – ұйымның бас директоры, осы үшін Қазақстанға келген Юкия Амано қол қойды.
«Банк құру тарихи сәт, себебі ол қауіпсіздіктің ерекше тетігі болып табылады және ол МАГАТЭ-ге мүше елдерге, егер олар әлемдік коммерциялық нарықтан төмен байытылған уран сатып ала алмайтын болса, оларға төмен байытылған уран беруге кепілдік береді. Төмен байытылған уран банкі атом энергиясының бейбіт дамуына қызмет етіп, жаһандық ядролық қауіпсіздіктің нығаюына елеулі үлес қосады. Біз дәл осы ядролық отын циклына қатысты сезімтал технологиялардың тарап кету қатерін сөзсіз қысқартамыз», - деді Е. Ыдырысов бейсенбі күні қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласы мен ядролық энергияның таралмауы саласындағы одан арғы ынтымақтастықты күтеді.
Рәсімге сонымен қатар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты өкіл-мемлекеттерінің өкілдері, оның ішінде Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ пен Франция, сондай-ақ жобаның донор мемлекеттері – Еуропалық одақ, Норвегия, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі елдерінің өкілдері қатысты.
Бұл ретте Е. Ыдырысов Ю.Аманомен кездесу өткізді. Тараптар жобаның мәнділігін түсініп, оны іске іске асыруды сөзбұйдашылық күрделі процедуралармен және осы іске қатысты формализммен тежемеуге дайындығын танытты.
Сондай-ақ министр қазақстандық тараптың қазақстандық табиғи уранды ТБУБ қажеттігіне нарықтағы бағамен жеткізіп тұру мүмкіндігін талқылауға дайын екендігін білдірді.
Ол, Қазақстан, ұйым тарапынан медициналық изотоптарды өндіру бойынша және ядролық медицинада қазақстандық технологиялардың дамуына септігін тигізеді, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоның жерлерін тазартуда және шаруашылыққа қайта айналысқа беруде қолдау көрсетіледі деп сенетінін жеткізді.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің төмен байытылған уран банкі (ТБУБ) дегеніміз ол МАГАТЭ ТБУ қоймасындағы МАГАТЭ ТБУ-дың физикалық қоры. Оның ең жоғарғы көлемі 30В түріндегі, не соңғы жетілдірілген түріндегі толған 60 цилиндр болады.
МАГАТЭ ТБУБ орталық элементі уран-235-тің 4,95%-ға дейін байытылған гексафторид түріндегі ТБУ-дың физикалық қоры. Ол реактордың белсенді аумағын толығымен бір рет жүктеуге жетеді немесе үлкен қысымдағы сумен жұмыс істейтін қуаты 1000 МВт болатын реакторды үш рет қайта жүктеуге жетеді. ТБУБ иесі МАГАТЭ болады, ТБУ соның бақылауында және заң түрінде ресми соған тиесілі болады. МАГАТЭ-нің ТБУБ-і Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауытында орналасады.
Аталған жобаны МАГАТЕ берген $150 млн мөлшерінде қаржыландыру, келесідей елдер мен ұйымдардың ерікті жарналарынан құралады: «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту бастамасы» қоры (NTI) - $50 млн, Норвегия - $5 млн, АҚШ – $49,54 млн, БАӘ - $10 млн, Еуроодақ - 25 млн еуро және Кувейт - $10 млн. Қазақстан тек ядролық материалдарды сақтауға ғана шығындайды.
2015 жылы 11 маусымда МАГАТЭ басқарушылар кеңесі Қазақстанмен елде төмен байытылған уран банкінің жұмысы мен оны орналастыру туралы келісімді бекітті.
Бұдан бұрын ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің атом энергиясы комитетінің төрағасы Тимур Жантикин айтқандай, ядролық отын банкі (ЯОБ) үшін ядролық материалдар Қазақстанға 2017 жылы ғана келе бастайды.
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29