Қазақстан мен шетелде Сейтқазы Матаевты қолдап, «Журналистерді отырғызбаңыздар – ағаш отырғызыңыздар!» акциясы өтеді

Күні: 15:59, 14-03-2016.

Алматы. 14 наурыз. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Алматыда, Қазақстанның аймақтары мен шетелдерде 18 наурызда Сейтқазы Матаевты қолдап, «Журналистерді отырғызбаңыздар – ағаш отырғызыңыздар!» акциясы өтеді, деп мәлім етті сөз бостандығын қорғау «Әділ сөз» халықаралық қор президенті Тамара Калеева.
«Ұлттық орман отырғызу күніне арналған шаралар аясында Сейтқазы Матаевты қолдау комитеті 18 наурызда «Журналистерді отырғызбаңыздар – ағаш отырғызыңыздар!» ұранымен акция өткізеді. Бұл бастаманы Ұлттық баспасөз-клубының облыстық филиалдары мен Қырғызстан және Тәжікстанның журналистік бірлестіктері қолдады. Қалауы барлардың барлығын Ұлттық баспасөз-клубының аумағына шақырамыз. Күректер, көшеттер және киімдермен қамтамасыз етеміз», - деді Т. Калеева дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Бұл ретте ол жүргізіліп жатқан тексерудің жариялы және әділдігі маңызды екенін атап өтті.
«Айыптау жағы ешқандай жариялық болмай, заңның барлық бұзушылықтары жабық қалғанын қалап отыр. Сондықтан бұл іс жариялы түрде болғаны маңызды, біздің барлығымыз осы істің әділ тергелуі үшін күресіп жатырмыз.
Сол мақсатпен бізді Қазақстан журналистер одағының барлық филиалдары  мен жақын шетелдердің журналистер одағы қолдады», - деді Т. Калеева.


Жаңалықтармен бөлісу: