Алматы. 8 шілде. ҚазТАГ – Қырғызстан, Қазақстан және Ауғанстан бірлесіп көк-бөрі ойынын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізуге сұраным берді, деп хабарлады ҚырТАГ.
«Көк-бөрі ойынын ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізуге сұраным үш мемлекеттің атынан – Қырғызстан, Қазақстан және Ауғанстанның атынан берілді. Ол тек Қазақстанның атынан берілген сұраным болмайды», - деді парламенттік СДПҚ фракцияның көшбасшысы Чыныбай Турсунбеков жастарды дамытудың партиялық бағдарламасын тыңдау барысында.
Тыңдауларда қырғыздардың ұлттық ойыны көк-бөріні ЮНЕСКО тізіміне Қазақстанның сұранымы бойынша енгізеді деген мәселе көтерілген.
Еске салсақ, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізімін толтыруға мемлекеттердің сұранымы ұйымның 2015 жылғы қараша айындағы отырысында қаралады.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39