Қазақстан қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған тік ұшағының бортындағы барлық 13 әскери мерт болды

Күні: 12:58, 28-03-2019.

Астана. 28 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған тік ұшағының бортындағы барлық 13 әскери мерт болды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Әскери борышын өтеу барысында ағымдағы жылдың 27 наурызында ҚР ҚК тік ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан тік ұшақ бортындағы барлық 13 әскери қызметкер мерт болды. Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы қаза тапқан әскери әріптестерінің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшысы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараларды қолға алатын болады», - деп хабарлады бейсенбіде ҚР ҚМ-нен.
Еске салсақ, бұған дейін белгілі болғандай, сағат 17.35-те «112» тетігіне Қызылорда облысы Жалағаш ауданында ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК МИ-8 тік ұшағының апатқа ұшырағаны туралы хабар келіп түсті. Тік ұшақ белгісіз жағдайларға байланысты құлап, толығымен жанып кеткен. Тік ұшақ бортында 13 экипаж мүшесі болған, олардың барлығының қайтыс болғаны жеткізілді.
Қорғаныс министрлігінде нақтыланғандай, Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғыда әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.
Ведомствода атап өткендей, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың бұйрығымен апат орнына арнайы құрылған ҚР Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді. Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, болған әуе апатының себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Жағдайға президент Қасым-Жомарт Тоқаев түсінік берді. Ол марқұмдардың туыстарына материалдық көмек көрсетуге уәде берді


Жаңалықтармен бөлісу: