Қазақстан парламент палаталарының бірлескен отырысы 1 қыркүйекке тағайындалған

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасы Қабиболла Жақыповтың 2015 жылғы 24 тамыыздағы № 64 өкімімен парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу күні мен уақыты анықталды, деп хабарлайды мемБАҚ-тар.
«Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының  58-бабы, 4-тармағының  2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2015 жылғы 1 қыркүйекте, сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.

adimage