Астана. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан парламентінің кезектен тыс сайлауы 20 наурызға белгіленді.
«Мәжілістегі кезектен тыс сайлау 2016 жылдың 20 наурызына белгіленді», - делінген Twitter-дегі Ақорданың ресми аккаунтындағы хабарда.
Бұған дейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бесінші шақырылымдағы парламент мәжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды.
Өздеріңіз білетіндей, мәжіліс 107 депутаттан тұрады. 98 депутатты партиялық тізім бойынша дауыс беруде сайлайды. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі 5 жыл. Мәжіліс депутаттарын кезекті сайлау парламенттің жұмыс істеп тұрған шақырылымының мерзімі аяқталуының алдында екі ай бұрын өткізіледі. Парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы оның өкілеттігі мерзімінен бұрын аяқталысымен екі ай ішінде өтеді.
V шақырылым мәжілісі 2012 жылы қаңтарда құрылған. Сайлауға 7 саяси партия қатысып, олардың 3-еуі қорытынды нәтижесінде 7%-дан астам дауыс алды: «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партия (80,99 %), «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19 %).
Қазақстанда мәслихаттар депутаттарын кезектен тыс сайлау 2012 жылы 15 қаңтарда өтті. Жергілікті билік органдарының өкілеттік мерзімі – төрт жыл.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі
9 Қыркүйек 2024, 14:02 -
Тоқаев Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады
9 Қыркүйек 2024, 13:56 -
Үкімет Маңғыстау облысында балалардың улану себебін тексеруді өз бақылауына алды
9 Қыркүйек 2024, 13:48 -
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14