Қазақстан президенті Головкинді бокстан әлем чемпионы атағын қоғап қалуымен құттықтады

Күні: 13:42, 23-02-2015.

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Геннадий Головкинге WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы атағын қорғауына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
Жеделхатта Мартин Мюрреймен жекпе-жектегі жеңіс мақсаткерліктің, қажырлы еңбек пен жоғары шеберліктің кезекті жемісі екені айтылған. Мемлекет басшысының атап өткеніндей, Г.Головкин осы қасиетінің арқасында планетадағы ең мықты боксшылардың бірі деген атаққа лайықты екенін дәлелдеді, делінген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
«Қазақстандықтар сенің әрбір табысыңа қуанады. Біз сенің келесі жекпе-жектерің де отандық спорттың мәртебесін асырып, бұдан да жоғары деңгейге көтеретініне, өскелең ұрпаққа үлгі болатынына сенімдіміз», – делінген жеделхатта.
Соңында Елбасы қазақстандық боксшыға мықты денсаулық және жаңа жеңістер тіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: