Қазақстан президенті Ұлыбританияға ресми сапармен келді

Күні: 09:25, 03-11-2015.

Астана. 3 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіне ресми сапармен келді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысы Лондон қаласына келді. Сапар барысында Ұлыбритания Премьер-министрі Д.Кэмеронмен, ІІ Елизавета Патшайыммен, сондай-ақ британдық жетекші компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізу жоспарланған», - деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында жарияланған хабарда.
Бұл ретте, хабарда айтылғандай, Н. Назарбаев Лондонда британия басшылығымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ аймақтық қауіпсіздік мәселелерін талқылайды.
Сондай-ақ бірқатар іскерлік келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.
Алдағы келіссөздердің күн тәртібінде Астанада халықаралық қаржылық орталық (АХҚО) құру мәселесі тұр. Қаржылық орталық ағылшындардың құқықтық нормасына сай жұмыс жасайды, оның негізінде Лондондағы Сити тәжірибесі алынады. Сол себепті британиялық қаржы институттарына АХҚО құру және жұмысына белсенді қатысу ұсынылады.
Сондай-ақ елбасының сапары аясында қазақстан-британиялық жоғарғы оқу орындарының бизнес форумын өткізу жоспарлануда.
Бұрындары ҚР білім және министрі Аслан Сарынжіпов БҒМ мен Ұлбританияның бизнес істері, инновация мен машықтар жөніндегі департаментінің арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жобасы дайындығын мәлім еткенді. Оған Ұлыбританияға сапары барысында Н. Назарбаев қол қоюы жоспарланған.
Мұның алдында Ұлыбританияның Қазақстандағы елшілігі хабарлағандай, осы сапар 4-ші қарашаға дейін жалғасады.


Жаңалықтармен бөлісу: