Қазақстан президенті мен Атырау облысының әкімі ҚР мен РФ шекаралық ынтымақтастық форумына дайындық ретін талқылады

Күні: 18:26, 25-08-2014.

Астана. 25 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен кездесу өткізді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«(...) облыс әкімі ел президентін Атырау қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге дайындық жұмыстарының барысынан хабардар етті», - делінген Ақорда сайтындағы дүйсенбілік хабарда.
Сондай-ақ кездесу барысында Б. Ізмұхамбетов мемлекет басшысына Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ өңірдегі маңызды мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Кездесудің қорытындысы бойынша Н. Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Еске сала кетейік, 2013 жылдың қараша айында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырауда күзде «Көмірсутекті саладағы инновациялар» атты 2014-РФ мен ҚР өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуді ұсынған болатын.


Жаңалықтармен бөлісу: