Қазақстан президенті Өскеменде МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін ашты

Күні: 16:53, 29-08-2017.

Астана. 29 тамыз. ҚазТАГ – Арсен Асқаров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін ашты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Онлайн режимде елбасы Өскеменде орналасқан МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран (ТБУ) банкінің жұмысына бастау берді. ТБУ банкінің жұмысын бастамас бұрын  елбасына телекөпір арқылы оның дайын екенін хабарлады. ТБУ банкінің ашылу рәсіміне МАГАТЭ бас директоры Юкия Амано қатысты. Қазақстан президенті символдық кілтті МАГАТЭ бас директорына беріп, ТБУ банкінің ашылғандығын ресми қуаттады.
«Біз қазір ерекше оқиғаға – Қазақстанда МАГАТЭ-нің ТБУ банкінің ашылуына куә болып отырмыз. Біз, біздің еліміз үшін де және әлем жұртшылығы үшін де ерекше мәнге ие күні бас қосып отырмыз», - деді Н. Назарбаев сейсенбі күні ТБУ банкінің салтанатты ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Ол «1991 жылы осы күні, 29 тамызда, әлемдегі аса ірі Семей ядролық сынақ полигоны жабылғанын және полигон өзінің 49 жыл жұмысында Қазақстанның халқы тығыз орналасқан аумағын жарғанын» еске салды.
«550-ден астам ядролық қару жарылды. Оның ішінде 74-ін ауада жарды. 1,5 миллион адам зардап шекті. Біз сол сынақтардың зардаптарын үшінші буын сезініп келеміз», - дей келіп  президент, «Қазақстан халқының еркі қырғи қабақ соғыс ызғарынан күшті болғанын» қадап айтты.
«Екінші проблема - Қазақстанда қуатты ядролық зымыран арсеналының болуы еді. Мысалы, әлемде ядролық арсеналдан арылу тәжірибесі болмаған еді», - деді Н. Назарбаев.
Еске салсақ, 2015 жылы тамызда Астанада ҚР үкіметі мен МАГАТЭ арасында Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін ашу туралы келісімшартқа қол қою рәсімі болған.
Атом энегриясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) төмен байытылғын уран банкі (ТБУБ) – қоймада сақтаулы соңғы жетілдірілген 30В түріндегі ең көп көлемі толған 60 цилиндр болатын физикалық қор.  


Жаңалықтармен бөлісу: