Қазақстан президенті Универсиада, EXPO-2017 және мерейтойлар өткізу шығындарын азайтуды тапсырды

Күні: 16:23, 11-02-2015.

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Универсиада мен ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шығындарын азайту, сондай-ақ мерейтойлық іс-шаралар шығын қысқарту мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
«Қазақстанда іс-шара өткізгенді бәрі жақсы көреді – бүкіл әлем, себебі мұнда ақша бар, жақсылап қабылдайды, жақсылап асырайды және өмір сүруге жағдай жақсы. Жетер! Бізге керегін алыңдар. Мерейтойды, сол мерейтойдың бюджет есебінен шығындарын азайтыңдар, егер керек болса, демеушілерді, жеке тұлғаларды тартыңдар», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Мемлекет басшысы үкіметке алдағы бірнеше жылға жоспарланған ірі іс-шаралардың шығындарын қысқарту мүмкіндігі қарастыруды тапсырмасын берді.
«ЕХРО-ны да тағы бір рет қарап шығуға болады, мүмкін, бірдеңені қосымша шығындарсыз өткізуге болатын шығар. Универсиаданы, болашақта жасағалы отырған басқа да шараларымызды қараңдар. Күте тұратындардың барлығы – күте тұрсын», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.


Жаңалықтармен бөлісу: