Қазақстан президентінің сайлауы 26 сәуірде өтеді – Назарбаев

Күні: 22:00, 25-02-2015.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауы 26 сәуірде өтеді, деп мәлімдеді мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Бүгін мен парламенттің сенат, мәжіліс басшылығымен, ҚР премьер-министрімен және ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасымен консультация өткіздім. (...) Президенттік және парламенттік сайлау өткізудің күнтізбелік мерзімдері 2016 жылға келіп тұр және іс жүзінде бір мезгілде орындалады, Конституция оған мүмкіндік бермейді. Менің конституциялық өкілетімнің мерзімі де 2016-да аяғына жетеді», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күні Қазақстан халқына үндеуіне.
Оның айтуынша, халық екі ұсынысты айтып жатыр ол – мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу және президент өкілетін ұзарту туралы референдум өткізу.
«Екі ұсыныс та іске асады, бірақ Конституцияның талаптарына жауап беретін әлдеқайда дұрысырағы сайлау өткізу болып табылады. Сол себепті халық мүддесінде, оның маған деген өтініші мен жалпылама ерік-қалауды ескере отырып, мен шешім қабылдадым және Конституция бабының 3-1 тармақтарына сәйкес 2015 жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы өкімге қол қойдым», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.
Еске сала кетейік, 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) кеңес мүшелері парламент мәжілісінің ҚХА депутаттық тобына ҚР президентінің мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастамасымен жүгінген еді. ҚХА кеңесінің бастамасын қолдау өтінішімен мемлекет басшысына мәжіліспен қатар сенат депутаттары да жүгінді. Кейіннен парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестен ҚР президентінің кезектен тыс сайлауын белгілеу тәртібін түсіндіруді сұрады.
Сонымен қатар Конституциялық кеңес ҚР Конституциясының 41 бап 3-1 тармақтарының нормасын Қазақстан президентінің «кезектен тыс президент сайлауын жеке-дара белгілейтін айрықша құқыққа» ие тұрғысынан түсінген жөн екенін түсіндіріп өтті.
2016 жылы президенттік сайлау өткізуге Т5 млрд-тай бөлу қарастырылғаны хабарланған еді. Алайда, 2015 жылғы кезектен тыс президенттік сайлаудың қандай сомаға шығатынын ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов хабарлауға қиналды.


Жаңалықтармен бөлісу: