Қазақстан президентінің жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға шамамен Т84 млрд қарастырылған

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Баубек Қоңыров. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға шамамен Т84 млрд қарастырылған, деп хабарлады ҚР қаржы министрі  Алихан Смаилов.
«Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруға, соның ішінде «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» жолдауындағы жекелеген тапсырмаларды жүзеге асыруға жобада Т83,9 млрд сома көлемінде қаржы қарастырылған», - деп хабарлады А.Смаилов бейсенбідегі мәжілісте.  
Сонымен, оның айтуынша, жекелеген тапсырмаларды жүзеге асыруға Т39,4 млрд жоспарланған, соның ішінде бұл АӨК әлеуетін жүзеге асыруға.  
«АӨК ынталандыру бойынша мемсаясатты жүзеге асыру аясында  «ҚазАгро» ҰБХ жарғы капиталын арттыру арқылы қосымша Т15 млрд жұмсау қарастырылуда. Бөлінген қаражат аясында АӨК субъектілеріне ауыл шаруашылық техникасын, құрал-жабдығын, өндірісті сатып алуға, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуге кредит берілетін болады. Сондай-ақ, аталмыш бағыт аясында суару – кәріз жүйелерін жаңғырту бойынша жобаны жүзеге асыруға Т3,8 млрд сома көлемінде қосымша қаржы қарастырылған,  бұл суарылатын жерлердің сумен қамтылуын және өнімділігін екі есе арттыруға мүмкіндік береді», - деді  А. Смаилов.

adimage