Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министірлігінің қолдауымен Қазақстан Журналистер Одағының жүлдесіне иеленетін «Қазақстан шетелдік БАҚ өкілдерінің көзімен» атты халықаралық жыл сайынғы байқау

Күні: 11:12, 29-05-2015.

Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстан Журналистер Одағы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министірлігінің қолдауымен «Қазақстан шетелдік БАҚ өкілдерінің көзімен» атты ең үздік шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалға байқау жариялайды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
Байқаудың географиясы 5 аймақты қамтиды. Олар Солтүстік пен Оңтүстік Америка; Еуропа; ТМД; Африка, Таяу және Орта Шығыс; Азия + Аустралия және Мұхит мемлекеттері болып табылады. Әр өңірден бір жеңімпаз анықталады.
Байқауға қатысу үшін шетелдік БАҚ-тарда 2015 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы кезеңінде жарияланған 1 500 сөзден аспайтын байқау материалын [email protected] электрондық поштаға ағылшын немесе орыс тілдерінде жіберу керек. Толық мәліметті 
мына жерденоқыңыз.
Жұмыстардың тақырыбы - Қазақстанның 5 саласының, атап айтқанда экономика мен сауда, мәдениет пен салт-дәстүр, тарихы, қазіргі қоғамға байланысты бірі немесе бірнешесін байланыстыру қажет.
Байқаудың жеңімпаздары үшін мемлекетіміздің астанасы - Астана каласы, ең үлкен және іскерлік орталық – Алматыға, сондай-ақ Бурабай шипажайына тур ұйымдастырылады. Сапар шеңберінде Қазақстанның ресми тұлғалары, ғалымдар және журналистермен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен кездесулер мен сұхбаттар болмақ.
Байқаудың қатысушылары – шетелдік баспасөз, электрондық және онлайн БАҚ-тардан өкілдік ететін заң жеке тұлғалар, БАҚ-тың штаттық және штаттан тыс қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында немесе одан тыс жерлерінде қызметін іске асыратын жеке тұлғалар бола алады.


Жаңалықтармен бөлісу: