Қазақстан РФ-ға қарсы санкциялардың қатайтылу жағдайына арналған дағдарысқа тойтарыс беру жоспарын қыркүйекте жаңартады

Күні: 20:08, 06-08-2014.

Астана. 6 тамыз. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Ресейге қарсы санкциялардың қатайтылуы мен Украина төңірегіндегі ахуалдың нашарлау жағдайына арналған дағдарысқа тойтарыс беру жоспарын ағымдағы жылдың қыркүйегінде өзектілендіреді, деп хабарлады ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.
«Әлемдік экономикадағы үдеуші қауіп-қатерлерді назарға ала отырып, министрлік жүйелі негізде ішкі және сыртқы экономикалық көрсеткіштер динамикасының және оның Қазақстан экономикасына ықпалының мониторингін өткізеді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп экономика дамуының алуан сценарийлеріне қарай дағдарысқа қарсы жоспарлар жасап шығарылды», - деді Е. Досаев сәрсенбі күні кеңейтілген үкімет отырысының барысында.
Одан өзге, Ресейге қарсы ілгергі санкциялардың енгізілуі мен Украина төңірегіндегі ахуалдың ушығу жағдайына бағытталған шаралардың жеке жоспары (С жоспары – ҚазТАГ) жасап шығарылды. Аталған жоспар ағымдағы жылдың қыркүйегінде өзектіленеді», - деп толықтырды ол.
Е. Досаев «Украинадағы ұласпалы дағдарыс пен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша Ресей экономика өсімінің 1%-ға дейін бәсеңдеуі қазақстандық тауарларға деген сұранысқа өз кері әсерін тигізгенін» атап өтті.
«Мысалы, ағымдағы жылдың қаңтар-мамырында Ресейге тауар экспорты 21,7%-ға  азайды және Украинаға 31,1%-ға. Бұл көріністе ІЖӨ өсімі 2014 жылдың 6 айында 3,9%-ды құрады», - деп нақтылады министр.
Ол өнеркәсіптік өндірістің төменге сырғуы қаңтар-маусым қорытындысы бойынша 0,4%-ды құрағанын атап көрсетті, соның ішінде мұнай өндірісі 1,6%-ға қысқарған, түрлі-түсті металл өндірісі – 13,5%-ға.
Сонымен қатар қара түсті металдар өндірісі 12,9%-ға өскен, құрылыс жабдықтарын өндіру – 8,1%-ға.
Жалпы ІЖӨ өсімі ішкі сұраныс есебінен қамтамасыз етілген.


Жаңалықтармен бөлісу: