Қазақстан сөз бостандығы рейтингінде Әзербайжан, Өзбекстан мен Түркменстаннан озды

Күні: 15:54, 20-04-2016.

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстан халықаралық «Репортеры безграниц» ұйымының құрастырған сөз бостандығы рейтингінде Әзербайжан, Өзбекстан мен Түркменстаннан озды.
Қазақстан 54,55 балл жинап, 180 орынның ішінде 160-шы орында. Әзербайжан 163-ші орын (57,89), Өзбекстан – 166-шы (61,15), Түркменстан – 178-ші (83,44) орын алды. Былтыр да Қазақстан 160-шы орын алған.
Беларусь 157-ші орында, Тәжікстан – 150-ші, Ресей – 148-ші, Украина – 107-ші, Қырғызстан – 85-ші, Молдова – 76-шы, Армения –74-ші, Грузия – 64-ші, Литва – 35-ші, Латвия – 24-ші, АҚШ 41-ші орында, Германия – 16-шы, Франция – 45-ші, Қытай – 176-шы орында.
Рейтингтегі алғашқы үш орында Финляндия, Нидерланды және Норвегия, соңғы үш орында – Түркменстан, Оңтүстік Корея мен Эритрея тұр.


Жаңалықтармен бөлісу: