Қазақстан шекара қызметінің экс-басшысы Жоламановты 11 жылға соттады

Күні: 18:44, 06-03-2015.

Астана. 6 наурыз. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚР ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметінің экс-басшысы Нұрлан Жоламанов қатаң тәртіптегі колонияға 11 жылға сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сот үкім етеді: Жоламановты ҚР ҚК  235бабының 3 тармағы, 366 бабының 4 тармақтарында қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танып, оған ҚК 235 б. 3 т. бойынша 9 жыл бас бостандығынан айыру, оның жеке мүлкін және бірлескен меншіктегі оның үлесін тәркіленсін.  
ҚР ҚК 366 б. 4 тармағы бойынша 11 жылға соттап, оның жеке мүлкін және бірлескен меншіктегі оның үлесін тәркіленсін, өмір бойынша жауапты мемлекеттік қызметте істеу құқығын айрылсын», - деді қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сот төрағасы  Ербол Ахметжанов, жұма күні үкімді жариялап тұрып.
«Жоламановқа ақтық үкім ретінде 11 жыл бас бостандығынан айыру, оның жеке мүлкін және бірлескен меншіктегі оның үлесін тәркіленсін, өмір бойына жауапты мемлекеттік қызметте істеу құқығын айрылсын, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтесін», - деді ол.
Сондай-ақ сот ҚР президентіне сотталғанның «генерал-лейтенант» әскери атағы мен орденінен айыру туралы ұсыныс берді.
2458 әскери бөлімшенің командирі Қайрат Балмағамбетовты сот ол өзінің айыбын мойындап, қатты өкініш білдіргені себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Бұрындары прокурор Кемел Шаяхмет пікірталас барысында соттан Н. Жоламановты 14 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеп, өмір бойына жауапты мемлекеттік қызметте істеу құқығын айрып, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеуін сұраған.
Одан басқа, ол соттан ҚР президентіне сотталғанның «генерал-лейтенант» әскери атағы мен орденінен айыру туралы ұсыныс беруді сұраған.  
Қайрат Балмағамбетовты ол өзінің айыбын мойындап, қатты өкініш білдіргені және тергеуде көмектескені себепті қылмыстық жауапкершіліктен босатуын сұрады.
Н. Жоламановтың соты Астанада 26 қаңтарда басталған. Сотта өз айыбын мойындаған жоқ, екінші айыпты Қ. Балмағамбетов өз айыбын толығымен мойындап, істеген әрекеттері үшін өкініш танытты.
ҚР бас әскери прокуратурасының басқарма бастығы Кемел Шаяхметтің айтуынша, Н. Жоламанов, Қ. Балмағамбетов пен басқа да тұлғалар 2013 жылы жазда ұйымдасқан қылмыстық топ құрады. ҰҚТ мүшелері мемлекеттік сатып алу тендерлеріне қатысқан кәсіпорындардан жасалған келісімшарттың 10% сомасы мөлшерінде «откаттар» алып отырған. 2013-2014 жылдар аралығында олар бизнесмендерден Т173 млн және $436 мың пара алған. Оның ішінде Н. Жоламановтың жеке өзіне Т59 млн және $371 мың берілген.
Еске салсақ, Н. Жоламанов қамауда отыр, ал істегі екінші фигурант 2458 әскери бөлімшесінің командирі Қайрат Балмағамбетов үй қамауында отыр.
Н. Жоламановтың ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында әр түрлі коммерциялық құрылымдардан пара алуының 13 эпизодына қатысты қылмыстық істі тергеу 2014 жылғы 3 желтоқсанда аяқталды.
Одан басқа, тергеу барысында айыптылардың Т300 млн болатын жеке мүліктеріне қамау жарияланды.
29 желтоқсанда осы қылмыстық іс қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа келіп түсті.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламанов 2014 жылғы 27 қазанда тұтқындалды. Ол және Қ. Балмағамбетов ҚР ҚК 311 б. 5 т. (аса ірі мөлшерде пара алу) бойынша және 235 б. 3 т. (қызмет бабын пайдалана отырып тұлғаның бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатында ұйымдасқан қылмыстық топ құру, оған қатысуы) бойынша айыпталып отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: