Астана. 17 наурыз. ҚазТАГ – Мирхат Әжіғалиев. Қазақстанда көктем ұзаққа созылады, ауа райысы тұрақсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК директоры Марина Шмидт.
«Көктемде қазақстандықтарды суық пен жылы кезең кезекпен алмасып тұратын тұрақсыз ауа-райы күтілуде деп хабардар етті», - деді жұма күнгі брифингте М.Шмидт.
Наурыз мерекесі күндері М.Шмидттің айтуынша, ауа райы қазақстандықтардың барлығына бірдей ұнай қоймайды.
«Қазақстанның солтүстік өңірлері мен орталығында, қазіргідей, күн ашық болады, аздаған аяздар түнде 8-15 градус нөлден төмен болады, күндіз 0 шамасында. Ал қалған аумағында – батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және шығыста жауын-шашын күтіледі», - деді гидромет орталығының директоры.
Сонымен қатар, сәуір айында қазақстандықтарды суық пен жылы кезең кезекпен алмасып тұратын тұрақсыз ауа-райы күтілуде деп хабардар етті. Айдың басында суық, желді, жауын-шашынды және көктайғақ құбылыстары болып, артынша жылы ауа массаларының шығуымен, Қазақстанның бүкіл аумағында осы мезгілге тән емес жылы, ал оңтүстікте тіпті ыстық ауа-райы орнайды. Солтүстігінде жаңбыр жауып, арты қарға ұласады.
Бұл ретте ол мамырда да қар жаууы мүмкін деді.
«Мамыр айында ауа-райы тұрақсыз болады деп күтілуде: жылы және кейде жаз күніндей ыстық күндері қайта келген суыққа ауысып, түнде ауа-райы қатқақ суық болады деп күтілуде. Солай бола тұра, айдың басында және ортасында арктикалық теңіз суларының салдарынан туындаған суық ауа массалары дымқыл қарды шақыруы мүмкін», - деп атап өтті М.Шмидт.
Өз кезегінде гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы атап өткендей, ауа температурасының мұндай ауытқуы, су тасқынын наурыз айының соңында немесе сәуір айының басында күтіледі.
«Қазірдің өзінде, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары өзендер ағынының қалыптастырылуы - судың көлемі су тасқыны кезінде 30-60% нормадан жоғары болады деп күтілуде. Есіл, Жабай, Қалқұтан өзендерінде су белгілері қауіпті деңгейден асып, төгілуі және су тасқыны болуы мүмкін», - деді ол.
Оның ақпарынша, сондай-ақ, көктем тез түскен және жаңбыр жауған кезеңде Қостанай облысында жергілікті ағынның қарқынды қалыптасуы мен су тасқыны болуы мүмкін.
Гидрологтар Қазақстанның батысындағы өзендер үшін кері болжам беруде, олардың сулылығы нормадан төмен деп күтілуде. Тек Ресей аумағындағы Орал ө. бассейнінде қар қоры мен күзгі топырақ ылғалдануы нормадан артық, сондықтан Ресей аумағындағы Орал ө. су тасқыны мен Қазақстан аумағына келіп түсетін су өткен жылдан екі есе көп және нормадан 1,5 есе артық болады деп күтілуде.
Қатысты сілтемелер
-
Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:45 -
Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:29 -
МАЭК турбоагрегатты күрделі жөндеуге Т1,1 млрд астам мемлекеттік қаражатты жұмсамақ
16 Қыркүйек 2024, 16:11 -
Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды
16 Қыркүйек 2024, 16:03