Қазақстан әскери қызметкерлерін 2016 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіреді

Күні: 14:49, 16-02-2015.

Астана. 16 ақпан. ҚазТАГ – 2016 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан қарулы күштерінің барлық әскери қызметкерлерін толық мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
«Әскери қызметтегі шекті жасына жету бойынша, денсаулық жағдайы немесе ұйымдастырушылық-штаттық іс-шаралар бойынша зейнетке шығу кезінде, әскери қызметкерлер еңбек жылдары үшін зейнетақы төлемдерін мемлекеттік бюджеттен толық көлемде алатын болады. Бұл ҚР 2030 жылға дейінгі зейнетақы жүйесін ілгергі жетілдіру Тұжырымдамасының аясында қарастырылған», - делінген дүйсенбі таралған хабарда.
Баспасөз қызметіндегілер бүгінде 1997 жылы жүргізілген зейнетақы реформасына байланысты еңбек жылдары үшін зейнетақы төлемдерін мемлекеттік бюджеттен толық көлемде алу құқығына тек 1998 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 10 жылдан аса әскери қызмет еңбегі бар әскери қызметкерлер ғана ие екенін еске салды. Көрсетілген мерзімге дейін 10 жылдан төмен еңбек көлеміне ие әскери қызметкерлер зейнетақы төлемдерімен мембюджеттен толық емес көлемде емес және ақшалай құрамнан 20% көлеміндегі өндірілген зейнетақы жинақтарының есебінен қамтамасыз етіледі.
Алғаш рет 1998 жылдың 21 қаңтарынан кейін шақырылған тұлғалардың зейнетақымен қамтамасыз етілуі тек ақшалай құрамнан 20% көлеміндегі өндірілген зейнетақы жинақтарының есебінен қарастырылған.


Жаңалықтармен бөлісу: