Алматы. 10 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан сыртқа заңсыз ақша қаражатын алып кету көлемі жағынан дамушы 149 елдің ішінде 11-ші орын алады, деп хабарлады америкалық үкіметтік емес Global Financial Integrity ұйымы.
Жүргізілген зерттеулерге сай, 2004-2013 жылдары Қазақстаннан $167 млрд 401 млн. ақша заңсыз әкетілген. Бұл ретте ең үлкен сомалар 2008 жылға ($26 млрд 562 млн), 2013 ($24 млрд 529 млн) және 2007 ($20 млрд 794 млн) жылдарға сай келген. Ең аз сомалар 2004 ($8 млрд 951 млн), 2010 ($11 млрд 236 млн) және 2009 ($11 млрд 693 млн) жылдары тіркелген.
Көрсетілгендей, Қазақстаннан сыртқа әкетілген қаражаттың орташа көлемі 2004-2013 жылдары $16 млрд 740 млн болды.
Тізімдегі алғашқы үш орында Қытай(жылына орташа алғанда $139 млрд 228 млн), Ресей ($104 млрд 977 млн) және Мексика ($52 млрд 844 млн). Бұл ретте Ресейден заңсыз әкетілген соманың ең көп көлемі 2011 жылы - $183 млрд 501 млн, ал зерттелген аралықтағы жалпы сомасы – 1 трлн 49 млрд 772 млн. әкетілген екен.
Украина 14-ші орында ($11 млрд 676 млн), Әзербайжан – 17-ші ($9 млрд 500 млн), Беларусь – 21-ші ($8 млрд 820 млн), Грузия – 62-ші ($1 млрд 495 млн), Армения – 70-ші ($983 млн), Молдова – 73-ші ($908 млн), Қырғызстан – 121-ші ($101 млн), Тәжікстан – 122-ші ($93 млн), Түркменстан –134-ші ($36 млн). Өзбекстан тізімде соңғы орында, бірақ ол мемлекет туралы ешқандай мәлімет келтірілмеген.
146-шы 147-148-ші орындарда Косово, Сомали мен БАӘ – олардан сыртқа қаражат әкету тіркелмеген.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51