Астана. 18 тамыз. ҚазТАГ – Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадағын Қазақстан табиғаты аясына жібереді, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) баспасөз қызметінен.
«Жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры 2015 жылдың 18 тамызы мен 18 қыркүйегі аралығында жорға дуадақтарының өсімін молайту орталықтарында өсірілген 1400 жорға дуадағын Қазақстан табиғаты аясына жібереді. Мұнымен 120 құсқа қимыл-қозғалыстарын бақылау үшін арнайы спутниктік құрылғыларды бекіту жоспарлануда», - делінген сейсенбі күні таратылған хабарда.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, жорға дуадақтары Бетпақ-Дала мен Қызылқұм аймақтарынан ұшырылмақ. Аталмыш құстың қоныс аударатын ең көп саны дәл Қазақстан аумағында өніп-өседі.
Бұрынырақ, 2009-2015 жылдар аралығында Қазақстанның табиғатына 5 300-ден аса жорға дуадақтары ұшырылды. Ғалымдар орнатылған спутниктік құрылғылар арқылы жіберілген құстардың қимыл-қозғалыстарын бақылай алды. Сондай-ақ, ұшырылған жорға дуадақтары Қазақстанның табиғи ортасына бейімделіп, қыстау кезеңінде өздеріне туыстас жабайы құстардың дәстүрлі маршрутымен жүргенін атап өткен жөн.
Жорға дуадақтардың өсімін молайту және сақтау бойынша Қазақстан мен жорға дуадақтарын қорғау халықаралық қоры арасындағы келісім-шартқа сай Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында жылына 5 000 жорға дуадақтарын шығаратын Орталықтың құрылысы жалғасуда.
Ғалымдардың айтуынша Қазақстанның табиғатына жорға дуадақтарын шығару, олардың қимыл-қозғалыстарын бақылау, Таяу және Орта Шығыс елдеріне қыстауға көшіп-қону мерзімдері мен негізгі жолдарын анықтау үшін қажет.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46