Қазақстан түрмеде отырған халқының саны жағынан әлемдік рейтингте 48 орын алды

Күні: 18:36, 07-02-2017.

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – Әлемдік рейтингте Қазақстан түрмеде отырғандар саны жағынан 48 орын алды, деп хабарлады Орталық Азиядағы  Penal Reform International (Халықаралық түрме реформасы) өкілдігінің баспасөз қызметінен.
«Бүгінге Қазақстан түрмедегі халқының жалпы саны жағынан Австралия және Канада секілді елдермен бестікте 48 орын алып  отыр. Сондай-ақ 100 мың адамға түрмеде отырғандары 202 адам көрсеткіштік индексімен 6 тармақты алмастырып, 68 орын алды», - деп айтқан Орталық Азиядағы PRI өңірлік директоры Азамат Шамбиловтың сөзін баспасөз қызметі сейсенбі күні таратқан хабарда келтіріпті».  
А. Шамбилов түсіндіргендей, аталған көрсеткіштер жыл сайын қалыптасады және жабық мекемелердегі адам құқықтарына қатысты жағдай мен құқықтық тетіктердің дамуын көрсетеді.
Сондай-ақ былтыр Қазақстан елдегі жалпы халық санына шаққандағы қатынас индексі бойынша 100 мың адамға 221 сотталған көрсеткішімен 62 орын алған (Молдова мен Сингапур арасындағы позицияда).
«Елдің түрмедегі халқының саны 1990 жылы 55 380 адам болып, 1995 жылы 85 448-ге жетті. Сол жылдары Қазақстан түрмедегілер индексі жағынан АҚШ пен Ресей секілді әлемдік үштікке кірген болатын», - делінген хабарда.
Аталған рейтингте әлемнің 200-ден астам мемлекеті кіреді. Онда көшбасында АҚШ, Ресей мен Қытай тұр.
Тізімнің соңында Лихтенштейн, Демократиялық Конго Республикасы, Гвинейя Республикасы тұр, оларда сотталғандар саны 100 мың адамға 30-дан аз келеді.


Жаңалықтармен бөлісу: